«Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 24/қе бұйрығы

«Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 24/қе бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21693 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

1-тармақтың үшінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 30-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1-тармақтың алтыншы абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

«1. Осы Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 30-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонент - иелігінде және (немесе) қолдануында Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуы тиіс объектілері бар жеке немесе заңды тұлға;

2) аппараттық-бағдарламалық кешен - белгілі типтегі міндеттерді шешу үшін бірге пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;

3) бейнеталдау - ағынды бейнені талдау (бейнеталдау) негізінде деректерді автоматты жинау үшін компьютерлік көру әдістерін пайдаланатын бағдарламалық қамтылым немесе технология;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.